Футболшы Ислам Чесноков Шотландия клубына ауыспайтын болды

/
Футболшы Ислам Чесноков Шотландия клубына ауыспайтын болды
instagram/ ФК Тобыл

Қазақстан құрамасының және «Тобыл» футбол клубының ойыншысы Ислам Чесноков Шотландияның «Хартс» командасына ауыспайтын болды, деп хабарлайды turkystan.kz Aladop.kz басылымына сілтеме жасап. 

Бұған дейін тараптар арасындағы келіссөздер белсенді жүріп жатқан еді, алайда соңғы сәтте келісім жүзеге аспады.

Осылайша, Чесноковтың «Хартсқа» ауысу жоспары кейінге шегерілді.

25 жастағы ол Қостанайлық командада тағы бір маусым ойнауы әбден мүмкін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары