Айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек Тұрсынбек Қабатовтың экс-әйелі Мөлдір Мұқановаға арнап жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Тұрсынбектің төрінде талай қонақ боп, Мөлдірдің қолынан ыстық шай ішуші едік... бұл күндер де көзден бұлбұл ұшқаны ма?! Ажырасу ғарыштық жылдамдықпен жүзеге асуда. Ажырасу ниетінде жүргендер одан да көп. Үйленуді ұмытқан, тұрмысқа шығуды қарастырмайтын жастардың қалың нөпірі өсіп келе жатыр…», - деп жазды ол.