Шымкентте кәмелеттік жасқа толмаған қыздарды құлдықта ұстаған

/
Шымкентте кәмелеттік жасқа толмаған қыздарды құлдықта ұстаған
Ашық дереккөзден

Қырғызстанның омбудсмені Жамила Жаманбаева Қазақстанда еңбек миграциясында жүрген екі жас қырғыз қызының, соның ішінде бір кәмелетке толмаған қыздың отанына оралуына жәрдемдесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы ombudsman.kg жазды.

Ош облысының Қара-Суы ауданында тұратын М.С.Ж. есімді тұрғын омбудсменге екі қызын елге қайтаруға көмек сұрап жүгінген. Оның айтуынша, қыздары бір жарым жылдан бері Қазақстанда жұмыс істеп жүрген. Әйелдің сөзінше, 2024 жылдың наурыз айында К.К. есімді азаматша оның 16 және 18 жастағы қыздарын Шымкент қаласына жұмысқа орналастырып, қамқор боламын деп алып кеткен. Алайда біраз уақыттан соң қыздар анасына хабарласып, өздерін ұрып-соғып, түннің бір уақытына дейін жұмыс істеуге мәжбүрлейтінін айтқан.

«Қыздар базарда екі әпке-сіңіліге жұмыс істеген. Сауда аяқталған соң олар қыздарды қоймаға апарып, ауыр қаптарды тасуға мәжбүрлеген. Оларға құл сияқты қараған. Қыздар кеткіміз келеді дегенде, ұрып тастаған. Мен телефон соғып, қыздарымды босатуды талап еттім, бірақ К.К. келіспей, “біз үш жылға келісім жасағанбыз” деді», – деп баяндады әйел.

Анасының айтуынша, жұмыс берушілер қыздарының құжаттарын да тартып алған.

Қырғызстанның омбудсмені Жамила Жаманбаева бұл жағдай бойынша Сыртқы істер министрлігі мен Ішкі істер министрлігіне ресми хат жолдап, қырғыз азаматшаларын тез арада елге қайтаруға көмек көрсетуін сұраған. Алматыдағы Қырғызстанның Бас консулдығы мен қырғыз диаспорасының қолдауымен қыздар Шымкенттен табылды.

Олар Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қордай қаласында сот шешімімен жауапқа тартылып, 13 қазанда Қырғызстанға қайтарылып, аналарына табысталды.

Қазіргі уақытта Шымкент қалалық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары