Атырау облысының Құрманғазы ауданында жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімін басқарған Қуаныш Имашев қайтыс болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға 30 қазаннан 31 қазанға қараған түні орын алған. Алдын ала деректерге сәйкес, ол аңшы мылтығын қолданып өзіне оқ атқан.
Облыстық полиция департаменті бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы – «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша тергеу амалдарын бастағанын хабарлады.
"Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау мақсатында кешенді сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеудің мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", – деп мәлімдеді полиция өкілдері.