Бизнес-коуч әрі бұрынғы Уолл-стрит инвесторы Кодие Санчес пікірінше, ең табысты адамдардың барлығында ортақ бір қасиет бар: олар өз ісіне әбден берілген адамдар, деп хабарлайды turkystan.kz Fortune-ге сілтеме жасап.
Санчес «Big Deal» подкастында ондаған миллиардермен сұхбаттасқан. Оның айтуынша, олардың бәрі әртүрлі болғанымен, «істеген ісіне шектен тыс берілген».
«Міне, бар құпия осы – олар ісіне шын берілген. Бар ойы мен уақыты сол іспен өтеді, тіпті бұл кейде ыңғайсыз күйге жеткізеді», – дейді ол.
Кодие Санчес журналистикадан бастап, қаржы әлемінде Vanguard, Goldman Sachs, State Street секілді алпауыттарда еңбек еткен. Қазір ол Contrarian Thinking атты медиа және қаржы білімін тарататын платформаның басшысы әрі негізін қалаушы. Компания адамдарды шағын бизнес пен дәстүрден тыс инвестициялық жолдар арқылы қаржылық еркіндікке жетуге үйретеді.
Мұндай көзқарас тарихтағы табысты кәсіпкерлердің тәжірибесімен де дәлелденген.
– Марк Кубан алғашқы бизнесін бастағанда жеті жыл демалыссыз жұмыс істеген. Нәтижесінде компаниясын $7 млн-ға сатып, қазір $9 млрд-тан астам байлығы бар.
– Джефф Безос Amazon-ның алғашқы жылдарында аптасына жеті күн, күніне 12 сағат еңбек еткен, түнгі 3-ке дейін тапсырыстарды өзі өңдеген. Қазір ол әлемдегі төртінші бай адам ($253 млрд).
– Стив Джобс өз командасымен әр деңгейде бірге жұмыс істеген «фанат» басшы ретінде есте қалды – әр өнімге дейін араласып, мінсіздікке ұмтылған.
Санчес табыстың құпиясы өмір бойы өліп-талып жұмыс істеу емес, 3-5 жыл бәрін ысырып қойып жұмыс істеу екенін айтады.
«Мұндай адалдықтың он жылға созылса, миллиардер пайда болады», – дейді ол.
 
								 
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                         
                                        