Атыраулық әйел зейнеткердің бетіне сірке суын шашып, алтындарын ұрлап кеткен

/
Атыраулық әйел зейнеткердің бетіне сірке суын шашып, алтындарын ұрлап кеткен
istockphoto.com

Атырау облысының Қосшағыл ауылында белгісіз әйел II топтағы мүгедек зейнеткердің үйіне баса-көктеп кіріп, оның бетіне сірке суын шашып жіберген. Содан кейін алтын әшекей бұйымдарын ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қылмыс жасады деген күдікпен 55 жастағы әйел анықталып, ұсталды. Ол полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жәбірленушіге медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне шығарылды, өмірі мен денсаулығына еш қауіп жоқ.

Оқиға бойынша күш қолдану арқылы тонау фактісімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары