Әлеуметтік желіде Жамыл ауданына қарасты ауылдардың бірінде 12 жастағы қыз баланың зорланғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алматы облысының полиция департаменті ақпаратты растады. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Кәмелеттік жасқа толмаған күдікті ұсталып , уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот санкциясымен қамауда ұстау түріндегі шара қолданылды. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүріп жатыр», - деді полиция.
Күдікьтінің заңды өкілдері кәмелеттік жасқа толмаған баланы тәрбиелеу бойынша міндеттерін тиісінше атқармағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тергеу барысы полиция департаменті басшысының бақылауында.
 
								 
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                         
                                        