Семейде дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді

/
Семейде дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді
Дзюдо федерациясы

10-13 қараша күндері Семейде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ел біріншілігі «Абай Арена» спорт кешенінде ұйымдастырылады. Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан барлығы 600-ден астам татами шебері қатысады деп жоспарланған.

Қазақстан чемпионаты нәтижесінде 2025-2026 жылғы жаңа маусымға ұлттық құрама жасақталатын болады. Төрт күнге жоспарланған жарыста ерлер мен әйелдер 14 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды.

Cондай- ақ, аралас-командалық жарыстың жеңімпазына Қазақстан кубогі табысталады.

Жарыс Қазақстан дзюдо федерациясының YouTube арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары