Алматыда мас жасөспірімдер түнгі клубта көңіл көтерген

/
Алматыда мас жасөспірімдер түнгі клубта көңіл көтерген
istockphoto.com

Әлеуметтік желіде мас бір топ жасөспірімнің Алматының түнгі клубтарының бірінде Хэллоуинді атап өтіп жүрген видеосы тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қалалық полиция департаменті хабарлағандай, оқиға орнына учаскелік инспекторлар мен ювеналды полиция қызметкерлері жіберілген. Тексеру барысында алты кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды.

— Медициналық сараптама қорытындысы бойынша олардың екеуі алкогольдік мас күйінде болған. Аталған жасөспірімдердің ата-аналарына балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін әкімшілік шара қолданылды. Ал кәмелетке толмағандар профилактикалық есепке алынды, — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ересектердің ілесінсіз болуына жол берген ойын-сауық мекемесінің иесіне қатысты да әкімшілік шаралар қабылданды. Бұдан бөлек, клубтың қызметін тоқтату және жабу туралы ұсыныс сотқа енгізілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары