Астанада виза рәсімдеуге уәде беріп, ірі көлемде қаржы жымқырған күдікті ұсталды

/
Астанада виза рәсімдеуге уәде беріп, ірі көлемде қаржы жымқырған күдікті ұсталды
Polisia.kz

Астанада Оңтүстік Кореяға виза жасап беремін деп уәде еткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астана қаласында Сарыарқа аудандық криминалдық полиция қызметкерлері Оңтүстік Кореяға виза рәсімдеп беремін деп бірнеше азаматты алдап, ірі көлемде қаржы жымқырған 42 жастағы әйелді ұстады.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті шетелге шығуды жеңілдетіп беремін деп сендіріп, алты рет алаяқтық әрекет жасаған. Ол уәде етілген қызметі үшін түрлі мөлшерде ақша алып, кейін жәбірленушілермен байланысын үзген.

Полиция дерегінше, әйел өз кінәсін толық мойындады. Қазір бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Астана қалалық gолиция департаменті азаматтарға шетелге шығуға көмектесемін деп уәде ететін жеке тұлғаларға сенбеуге кеңес береді. Кез келген ұсынысты мұқият тексеріп, тек ресми лицензиясы бар мекемелермен ғана жұмыс істеу қажет. Егер күмән туындаса, дереу ішкі істер органдарына хабарласқан жөн.

Қазір тергеу жалғасуда, сондай-ақ өзге де жәбірленушілердің бар-жоғы анықталып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары