Мемлекет басшысы бүгін Ақордада өткен Республика күніне арналған салтанатты жиында «Берел» қорғанын ашқан танымал археологты марапаттады.
«Әйгілі археолог Зейнолла Самашевтің есімі баршаңызға белгілі. Ол өркениетіміздің теңдессіз қазынасы саналатын «Берел қорғанын» ашып, оны жан-жақты зерттеуге зор үлес қосты. Бұл жаңалық тарих ғылымын шын мәнінде жаңа деңгейге көтергені сөзсіз.
Ал белгілі ғалым, картография зерттеушісі Мұхит-Ардагер Сыдықназаров төл тарихымызды түгендеуге атсалысып келеді.
Ұлттық ғылымды өркендетуге сіңірген еңбегін ескере отырып, қос ғалымға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мемлекеттік сыйлықты табыстау туралы шешім қабылданды.
Бүгін осы сыйлық алғаш рет беріледі», – деді Тоқаев.