Канадада Apple-дің бұрынғы қызметкері Сэм Сунг есімді азамат ерекше жағдайға байланысты аты-жөнін өзгерткен. Ол Ванкувердегі Apple Store дүкенінде жұмыс істеген кезде, оның визиткасында «Sam Sung — Apple» деген жазу тұрған. Бұл күлкілі сәйкестік желіде тез тарап, оны «Эплдің Самсунгы» деп атап, әлеуметтік желілерде әзілге айналдырған, деп хабарлайды turkystan.kz Вusiness insider-ге сілтеме жасап.
Көпшіліктің назарын аударған Сэм біраз уақыт бойы бұл жайды әзілмен қабылдап, тіпті визиткаларының бірін қайырымдылық аукционына қойған. Бірақ уақыт өте келе оның есімі брендтер арасындағы бәсекенің нышанына айналып, өзін жайсыз сезіне бастаған.
12 жылдан соң ол журналистерге берген сұхбатында шын мәнінде аты-жөнін өзгерткенін мойындады. Енді оның тегі – Струан.
«Егер мені Apple компаниясынан жұмыстан шығарған болса, бұл одан да үлкен шу болар еді», деп еске алады ол.
Қазір Сэм Струан технологиялық салада жұмысын жалғастырып жүр және өзінің атымен болған бұл оқиғаны өміріндегі ерекше естелік деп есептейді.