Қарағандыда дүкеннен қымбат киім ұрлап кеткен адам ұсталды

/
Қарағандыда дүкеннен қымбат киім ұрлап кеткен адам ұсталды
istockphoto.com

Қарағандыда 273 мың теңгенің киімін ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қарағанды қаласындағы ірі сауда орталықтарының бірінде орналасқан бутикке ұрлыққа түскен ер адам ұсталды.

Оқиға барысында белгісіз азамат жалпы құны 273 мың теңге болатын киім-кешекті жасырын түрде алып кеткен. Сауда орны иесіне елеулі материалдық шығын келтірілген.

Нәтижесінде 34 жастағы Қарағанды тұрғыны анықталып, ұсталды. Тергеу кезінде күдіктінің бутикке бірнеше рет кіріп, әр келген сайын өзіне ұнаған тауарларды жасырын алып шыққаны анықталды. Осылайша ол қымбат киімдерді кезең-кезеңімен ұрлап, дүкен қызметкерлерінің назарын аудармаған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұрланған заттар табылып, иесіне қайтарылды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары