Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы 9-қабаттың терезесінен құлап кеткен 18 жастағы қыздың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кеше Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 18 жастағы қыз 9-қабаттың терезесінен құлап кеткен. Құлағаннан кейін ол тірі қалып, ауруханаға жеткізілген.
Полиция департаменті хабарлағандай, суицидке оқталу дерегі бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған, ал оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.
Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен қыздың жағдайы туралы мәлімет берді.
«Пациент түскеннен кейін өмірін сақтап қалу мақсатында шұғыл хирургиялық көмек көрсетілді. Қазір ол анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жатыр. Онда толық көлемде реанимациялық және қарсы шоктық іс-шаралар жүргізілуде», — деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, қыздың жағдайы өте ауыр күйінде қалып отыр.