Перу астанасында төтенше жағдай енгізілді

/
Перу астанасында төтенше жағдай енгізілді

Перу президенті Хосе Хери елдің астанасы Лимада және оған көршілес Кальяо провинциясында төтенше жағдай режимін енгізгенін хабарлады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Коммерсантъ» басылымына сілтеме жасап хабарлауынша, режим 22 қазаннан бастап күшіне енеді және 30 күнге созылады. Бұл шара қылмыс деңгейінің өсуімен күресу мақсатында қабылданған.

Төтенше жағдай режимін министрлер кабинеті мақұлдаған және ол қарулы күштердің полициямен бірлесіп қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуін көздейді. Президенттің айтуынша, бұл шара «миллиондаған перуалықтардың тыныштығы мен сенімін қалпына келтіруге мүмкіндік береді».

Перу билігі төтенше жағдай енгізу ниетін 17 қазанда мәлімдеген болатын. Бұл шешім Конгресс ғимараты алдында өткен жаппай наразылықтардан кейін қабылданды. Акциялар кезінде бір наразылық танытушы оқтан қаза тапқан, 34 тұрғын жарақат алған, сондай-ақ 80 полиция қызметкері зардап шеккен.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары