Полицейге қол көтерген тұрғын 3 жылға сотталды

/
Полицейге қол көтерген тұрғын 3 жылға сотталды
istockphoto.com

Меркі аудандық соты билік өкіліне қатысты күш қолданды деп айыпталған азаматқа қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сотталушы Меркі ауданындағы «Көк-көл» демалыс аймағында екі танысымен бірге ішімдік ішіп демалған. Олардың арасында жанжал туындап, ары қарай төбелеске ұласқан.

Осы уақытта оқиға орнында аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы келген. Күдікті оның сөзіне тоқтамай, жағынан ұрып жіберген.

Сот үкімімен күдікті ҚК 380-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары