Уганданың Кампала мен Гулу қалалары арасындағы тас жолда болған жол апаты елді дүр сілкіндірді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Бүгін болған жол апатында 63 адамның қаза тапқаны расталды», – делінген жергілікті полиция жариялаған хабарламада.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жолда екі автобус, бір жүк көлігі және бір жол талғамайтын көлік соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі алдында кетіп бара жатқан жүк көлігін басып озуға тырысқан. Дәл сол сәтте қарсы бағытта келе жатқан екінші автобустың жүргізушісі де жол талғамайтын көлікті озбақ болған. Соның салдарынан екі автобус бір-бірімен соқтығысып, одан кейін оларға жүк көлігі мен жол талғамайтын көлік келіп соғылған.