Қазақстан Әзербайжан мен Арменияның келісімге келуіне ықпал етті – Никол Пашинян

Қазақстан Әзербайжан мен Арменияның келісімге келуіне ықпал етті – Никол Пашинян

Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Тбилисиде өтіп жатқан «Жібек жолы» V форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Кеше Ильхам Әлиев Әзербайжан өз аумағы арқылы Арменияға қарай жүк транзитіне қойылған шектеулерді алып тастайтынын мәлімдеді. Бұл – аса маңызды мәлімдеме және мен осы қадам үшін Әзербайжан президентіне ризашылығымды білдіргім келеді.

Сонымен қатар осы келісімге қол жеткізуде рөл атқарған Қазақстан Президентіне және Грузия Премьер-министріне алғысымды білдіремін», – деді Армения Премьер-министрі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары