Қазақстан құрамасы гандболдан Азия ойындарында екінші жеңіске жетті

/
Қазақстан құрамасы гандболдан Азия ойындарында екінші жеңіске жетті
olympic.kz

Қазақстан қыздар құрамасы гандболдан Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Топтық кезеңдегі кезекті ойында отандастарымыз Үндістан құрамасымен кездесті.

Бірінші кезең 19:15 есебімен қазақстандықтардың пайдасына аяқталды.

Екінші кезеңде де басымдығын сақтаған Қазақстан құрамасы матчты 39:26 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Осылайша, Қазақстан қыздар құрамасы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарындағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін олар Гонконг құрамасын ұтқан болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары