"Аяғым шалынса да, жүрек соғып тұр": 4 дүркін Азия чемпионы бокстан Қазақстан чемпионатындағы жеңілісі жайлы

/
"Аяғым шалынса да, жүрек соғып тұр": 4 дүркін Азия чемпионы бокстан Қазақстан чемпионатындағы жеңілісі жайлы
Сурет: https://prosports.kz сайтынан алынды

Бокстан жастар арасындағы 4 дүркін Азия чемпионы Темірлан Мұқатаев Семейде өтіп жатқан Қазақстан чемпионатындағы жеңілісінен соң жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

90 келіде  жұдырықтасатын елордалық боксшы  ширек финалда қызылордалық Оңталап Рахмановқа жол берді.

"Иә, ұтылдым, қателестім. Иә, қолымды көтермеді. Бұл - өмір, бұл - бокс. Иә, үміт ақталмады. Кейінгі 6 жылда Қазақстандағы өкінішті сәтім. Жұмыс сондай. Барлық мықтылар чемпион емес. Барлық әлсіздер, тұғырсыз емес. Ұтсаң - қалаулы, ұтылсаң - жарамсыз (бұл қазақтың қағидасы). Сенген жандардан кешірім сұраймын. Ешкімге еш өкпем жоқ. Аяғым шалынса да, жүрегім соғулы. Келесі чемпиондық белестерде жолыққанша", - деді боксшы. 
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары