«Тегін массаж»: Астанада алаяқтар зейнеткерге 1 млн теңге несие алдыртқан

/
«Тегін массаж»: Астанада алаяқтар зейнеткерге 1 млн теңге несие алдыртқан
istockphoto.com

Алдымен оған «тегін массаж» бен сыйлық купонын ұсынған, кейін «денсаулыққа пайдалы» деген желеумен массаж аппаратын сатып алуға көндірген, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қысым көрсетіліп, келісімшартпен мұқият таныспай жатып, оған 1 млн 210 мың теңгеге несие рәсімделді. Үйге келген соң ғана зейнеткер мұндай соманы төлей алмайтынын түсініп, тауарды қайтаруға тырысқан. Алайда сатушылар уақытты созып, жауапкершіліктен жалтара бастады. Сол кезде ол Астана қаласының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінді. Мамандар дұрыс шағым жазуға, келіссөз жүргізуге және мәміленің заңсыздығын дәлелдеуге көмектесті», – деп мәлімдеді Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті.

Нәтижесінде келісімшарт бұзылып, аппарат қайтарылды және зейнеткер несие сомасын толық қайтарып алды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары