Қостанайда компания басшысы қызметкерлердің 70 млн теңге сыйақысын өзі алып алған

/
Қостанайда компания басшысы қызметкерлердің 70 млн теңге сыйақысын өзі алып алған
istockphoto.com

Қостанайда компания директоры өз қызметкерлерінің бонустық төлемдерін алдап иемденгені үшін сотталды. Залал сомасы 70 миллион теңгеден асты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Айып тағылған тұлға — тұтынушылар кооперативі филиалының өңірлік директоры.

«2023 жылдың желтоқсанынан 2024 жылдың қазанына дейін айыпталушы өзінің қызметтік өкілеттігін пайдаланып, бағынышты қызметкерлердің сенімін теріс пайдалану арқылы, жоғары басшылықтың тапсырмасы деген желеумен, клиенттермен тиімді жұмыс істегені үшін берілген жеке бонустық төлемдерін өзіне беруді талап еткен. Нәтижесінде жәбірленушілер 70 миллион теңгеден астам қаражаттан айырылды», – делінген хабарламада.

Айыпталушы өз кінәсін мойындамады. Ал жәбірленушілер қатаң жаза мен келтірілген шығынды толық өтеуді талап етті.

Сот ер адамды 5 жылға бас бостандығынан айыруға, сондай-ақ 7 жыл мерзімге банк пен қаржы ұйымдарында басшылық қызмет атқару құқығынан айыруға үкім шығарды. Жазасын ол қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Жәбірленушілердің азаматтық талаптары толық қанағаттандырылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары