16 қазан күні Ақтау–Бейнеу–Атырау тас жолында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі грейдер жолмен келе жатып, рульге ие бола алмай жолдан шығып кетіп, аударылған.
«Оқиға салдарынан Бейнеу тұрғыны, 51 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты. ЖКО фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабы (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі ережелерін немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша тергеу басталды. Жүргізушілерді аса сақ болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Себебі қауіп – сіздің, жолаушылардың және басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне төнеді», — деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаменті.