«Томирис» фильміндегі рөлі арқылы кеңінен танылған Альмира Тұрсын екінші жүктілігі жайлы айтты. Ол фотосессия жасаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
«12 жылдан кейін тағы да ана болуға дайындалып жүрмін. Тұрмысқа баяғыда шыққанмын. Оның-менің-біздің балаларымызбен үлкен отбасы болып өмір сүріп жатырмыз. Бұдан артық ештеңе айтқым келмейді. Бақыт тыныштықты жақсы көреді», - деп жазған ол.
Айта кетейік, актриса 2024 жылдың қыркүйегінде тұрмысқа шыққан.