Үйінде 465 дана киік мүйізін сақтағаны үшін сотталған азамат рақымшылыққы ілікті

/
Үйінде 465 дана киік мүйізін сақтағаны үшін сотталған азамат рақымшылыққы ілікті

Павлодарда киік мүйіздерін сақтаған азаматтың түрме жазасы қысқарды, деп хабарлайды turkystan.kz pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Шаһарда ҚР ҚК-тің 339-бабы бойынша сотталған азаматтың ісі 16 қыркүйек күні қабылданған жаңа 339 -1-бапқа сәйкес қайта қаралып, ер адам бостандыққа жіберілді. Бұл — қылмыстық заңнаманы оңтайландыру жөніндегі заң күшіне енгеннен кейінгі алғашқы сот процестерінің бірі.

Бостандыққа шыққан Сағындық Шапиевтің айтуынша, ол киік мүйіздерін сақтағаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Ер адамның үйінен 465 дана мүйіз тапқан. Ол мүйіздерді екі жыл бойы жинаған.

–  Орал облысы Ақжайық ауданының сот үкімімен сотталдым. Далада өліп жатқан киіктер көп қой, солардың мүйіздерін жинадым. Оларды сатқан жоқпын, тек қана сақтадым. Олай жасауға болмайтынын білмедім, – деді ол.

Сотталушы үш жарым жыл жазасын өтеп, жаңа заңның негізінде сот залында мерзімінен бұрын босатылды. Конституцияның 30 жылдық мерейтойына орай оның он бір айын амнистиямен алып тастады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары