Қазақстанда «Отанды сүю – жүректен» республикалық байқауы басталды

/
Қазақстанда «Отанды сүю – жүректен» республикалық байқауы басталды

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау, патриоттық рухты нығайту және ұлттық құндылықтарға құрметті арттыру мақсатында «Отанды сүю – жүректен» республикалық байқауы жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Конкурс мобилография, шығармашылық жұмыстар және ғимараттар мен аулаларды безендіру бағыттары бойынша ұйымдастырылды.

Байқаудың жалпы жүлде қоры – 4 500 000 теңге. Өтінімдер 2025 жылғы 6 қазаннан 22 қазанға дейін қабылданады. Қорытынды іс-шара Астана қаласында 25 қазан – Республика күні өтеді. Байқау ережесі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтында жарияланған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары