ТЖМ құтқарушылары Павлодардағы өртті жедел түрде сөндірді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бүгін Павлодар қ. Литвинов көшесінде кондитерлік цехтың екі қабатты ғимаратында өрт болды. Өрттің жалпы ауданы шамамен 200 шаршы метрді құрады.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін 10 адам өз бетінше далаға шықты. Өрт сөндіру кезінде ТЖД қызметкерлері жарылыстың алдын ала отырып, 3 газ баллонын шығарды. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.