Риддерде жеңіл көлік қоршауды бұзып, жеке үйдің ауласына кіріп кетті

/
Риддерде жеңіл көлік қоршауды бұзып, жеке үйдің ауласына кіріп кетті
видеодан скриншот

Жол апаты Риддер қаласындағы Лесхозная көшесінде болған. Geely маркалы көлікті тізгіндеген бойжеткен Абай даңғылы бағытында жүріп келе жатқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Солға бұрылған сәтте ол көлікті басқара алмай, жолдың жағдайын ескермей және манёвр жасауға рұқсат етілген жылдамдықтан асып кеткен. Нәтижесінде көлік жолдан шығып кетіп, қоршауды бұзып, жеке тұрғын үйдің ауласына кіріп кеткен.

Жүргізуші қыз жарақат алып, өзі медициналық көмекке жүгінген.

Оқиға материалдары құқықтық баға беру үшін сотқа жолданды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары