Шымкентте дүкенге бара жатқан тұрғын пакетке салынған адам сүйегін тауып алған

/
Шымкентте дүкенге бара жатқан тұрғын пакетке салынған адам сүйегін тауып алған

Шымкент тұрғыны азық-түлік алуға шыққан кезде қорқынышты жағдайға тап болды.  Андрей есімді тұрғын супермаркет маңынан табылған целлофан пакетте адам бас сүйегі мен сүйектері жатқанын айтқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Айта кетейік, Володарский көшесінде орналасқан супермаркет маңында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Мүмкін, құрылысшылар бұрынғы ескі қорымға тап болған болуы мүмкін.

«Супермаркеттің автотұрағынан пакет байқадым. Ол жерде жақында жаңа жолайрық салынды. Автокөліктер тұратын тұстан шұңқыр қазылған. Сол шұңқырдың жанында қарапайым пакет жатты. Ішінен адам сүйектері шықты. Бәлкім, жұмысшылар қазып алып, сол жерде қалдырып кеткен болар. Жанында құрылыс жүріп жатыр», – деген куәгер Otyrar.kz порталына.

Аталған сүйектер полицияға тапсырылған не тапсырылмағаны және оның ары қарайғы тағдыры қандай болатыны әзірге белгісіз. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары