Қызғаныштан күйеуін күйдіріп тастаған әйелге қылмыстық іс қозғалды

/
Қызғаныштан күйеуін күйдіріп тастаған әйелге қылмыстық іс қозғалды

РФ-ның Калининград облысында тұратын әйел ұрысу кезінде күйеуін қайнаған сумен күйдіріп жіберіп, қылмыстық жауапкершілікке тартылды , деп хабарлайды turkystan.kz.

Полицияға 49 жастағы жергілікті тұрғын жүгініп, әйелі үстіне қайнаған су құйғанын айтқан. Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар арасында қызғанышқа байланысты жанжал туындаған. 42 жастағы әйел ашуға бой алдырып, шәйнекті алып, ішіндегі қайнаған суды күйеуіне құйып жіберген. Салдарынан ер адамның сол көзінің үстіңгі бөлігі, беті, мойны және иығы термиялық күйік алған.

Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары