«Шаншар» жабылуы мүмкін»: Уәлибек Әбдірайымов театрдың болашағы жайлы айтты

/
«Шаншар» жабылуы мүмкін»: Уәлибек Әбдірайымов театрдың болашағы жайлы айтты
Ашық дереккөзден

Танымал әзілкеш «Шаншар» театрының директоры Уәлибек Әбдірайымов AIRAN бағдарламасына сұхбат берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Белгілі шоумен театрдың алдағы уақыттағы жоспарын бөлісті.

Сұхбат алушы актерден театрдың болашақта жабылуы мүмкін бе деген сұрақ қойды.

«Ия, егер жастар келмесе. Менің кешегі отыз жылдықта айтқан әңгімем біз жиырма жылдықта қояық деп ойлағанбыз. Жиырма бесжылдықты да өткіздік. Ширек ғасырды атайық, сосын қоямыз ау дедік. Отыз жылдыққа да келдік. Сонда менің сахнада айтқан сөзім: Қояық деп жүрміз, бірақ мына сіздер қойдыра алмай жатырсыздар. Мына келгендеріңіз үшін қоя алмай жатырмыз. Ал енді ол сиреп кетсе неге қоймайсың? Қоясың ғой. Біздің ешқандай ренішіміз жоқ. Ешқандай көрерменге де ешкімге ренішіміз жоқ. Ал енді мен кейде ойлаймын, өзің сияқты білікті мамандар айтады: Қазақ өнерінде «Тамаша» секілді тарихта қалатын болдыңыздар деп. Ұмыт қалуымыз да мүмкін», - деді Уәлибек Әбдірайымов.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары