Ғани Майлыбаев Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

/
Ғани Майлыбаев Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
gov.kz

Алматы облысы әкімінің өкімімен Ғани Айдарұлы Майлыбаев Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұған дейін, 2020 жылдың желтоқсанынан бастап ол  Алматы қаласы Мәдениет басқармасын басқарған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ғани Айдарұлы 1987 жылы дүниеге келген. 2008 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2010 жылы осы оқу орнында «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. 2018 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын «Аймақтық және муниципалдық басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы бастаған. Әр жылдары Алматы қаласында Медеу ауданы әкімінің орынбасары, Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары, сондай-ақ Жамбыл облысы Туризм басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары