«Жеткізу қызметі»: Астанада такси жүргізушісі клиенттің қымбат телефонын сатып жіберген

/
«Жеткізу қызметі»: Астанада такси жүргізушісі клиенттің қымбат телефонын сатып жіберген
istockphoto.com

Астанада такси жүргізушісі қораптағы телефонды сатып жіберген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Елорда тұрғыны өз ұлына сыйлық ретінде Айфон 16 Про ұялы телефонын сатып алып, оны жеткізіп беру үшін такси жүргізушісіне сеніп тапсырған. Алайда күдікті – 32 жастағы таксист телефон қорабын ашып, құрылғыны өз пайдасына жаратып, басқа адамға сатып жіберген.

Осы дерек бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыарқа аудандық криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Астана қалалық полиция департаменті азаматтарға бейтаныс адамдарға қымбат бағалы заттарды сеніп тапсыра бермеуді ескертеді. Құнды тауарларды тек ресми жеткізу қызметтері арқылы немесе жеке бақылаумен беру ұсынылады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары