Әлеуметтік желіде жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың жуырда ота жасатқан тізе жарақаты қайта асқынып, тағы он айға шаршы алаңнан шеттетілгені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Шавкаттың тағы да тізесінен жарақат алғаны туралы хабар UPFRONT MMA атты X-аккаунтта жарияланды. Осы ақпаратты бірнеше шетелдік БАҚ іліп әкеткен. Кейбірі тіпті Рахмоновтың UFC-мен қоштасып жатқанын жазды.
Алайда, спортшының менеджері Саят Абдрахмановтың айтуынша, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Шавкат Рахмонов жаттығуын жалғастырып жүр және бірнеше ай ішінде жекпе-жекке шығуға дайын болады.
Еске салайық, спортшы соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында октагонға шығып, ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілер шешімімен жеңген еді.