Түркістан облысында тұрғыннан 1,5 млн теңге бопсалағандар ұсталды

/
Түркістан облысында тұрғыннан 1,5 млн теңге бопсалағандар ұсталды
Polisia.kz

Түркістан облысы полиция  бопсалау қылмысына қатысы бар 4 күдіктіні ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полицияның мәліметінше, күдіктілер – Сайрам ауданының тұрғындары. Олар жергілікті тұрғыннан 1,5 миллион теңге көлемінде  ақша бопсалағаны анықталды.

Жедел уәкілдер күдіктілерді тінту барысында жәбірленушіден алынған жеңіл автокөлік, 40-қа жуық оқ-дәрі мен басқа да заттай дәлелдемелерді тәркіледі.

Қазір бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктілер қамауға алынды. Барлық мән-жайды анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары