Түркістанда тігілген алып сәукеле халықаралық рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Turkistan.tv телеранасының мәліметінше, биіктігі 4 метр 60 сантиметр болатын сәукеле Global Book of Records кітабына енді. Сәукеле 31 түркі халқының ою-өрнегімен безендіріліп, оған ұзындығы 560 метрлік жамылғы тігілген.
Тарихи сәттің куәсі болу үшін Түркістанға Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов арнайы келді. Ол көпшілік алдында сәукеленің рекордтық мәртебесін жариялады. Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген мыңнан аса ана қатысып, дәстүрді дәріптеді.