Ресейде робот депутаттың көмекшісі болып жұмысқа тұрды

/
Ресейде робот депутаттың көмекшісі болып жұмысқа тұрды
сурет: life.ru

Ресейдің Мемлекеттік Думасында жаңа «қызметкер» пайда болды – депутат көмекшісі қызметін робот атқара бастады. Бұл туралы ЛДПР фракциясының депутаты Андрей Свинцов мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, «Володя» атты робот үгіт-насихат жүргізумен қатар, тұрғындардың түрлі өтініш-шағымдарына жауап беруге талпынып көреді. Әсіресе коммуналдық қызметтер, жалақы мен зейнетақыға қатысты мәселелерді талдауға мүмкіндік берілмек. Сонымен қатар, ол сайлау науқаны кезінде атрибуттарды тарату, ақпаратпен жұмыс істеу сияқты қосалқы істерге тартылады.

«Әзірге роботқа толық сенім арту мүмкін емес, бірақ кейбір міндеттерді оған жүктеп көрмекпіз», – деді депутат.

Свинцовтың сөзінше, парламенттегі көмекшінің жұмысы күрделі әрі көпқырлы, сондықтан жасанды интеллектіні пайдалану – белгілі бір функцияларды автоматтандыруға бағытталған тәжірибе.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары