Есей Жеңісұлы: «Қайрат – Реал» матчының қаһарманы – Шерхан Қалмұрза

/
Есей Жеңісұлы: «Қайрат – Реал» матчының қаһарманы – Шерхан Қалмұрза
instagram/@kallmurza

Белгілі спорт комментаторы, журналист Есей Жеңісұлы «Таңшолпан» бағдарламасына берген сұхбатында кеше Алматыда өткен «Қайрат – Реал» кездесуіне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Мұндай матчтарда қақпашының еңбегі міндетті түрде көзге түседі. Өйткені қарсылас өте мықты. Сәт сайын шабуылдайды. Бұл матчтың бас қаһарманы – Шерхан Қалмұрза. Мен Шерханға ризамын. Жеті сейв жасады. Жеті сейв деген жанкештілікпен жеті допты алып шықты деген сөз. Бұл – оның өзіне үлкен тәжірибе. Өзіне ғана емес, біздің футболға да үлкен тәжірибе. Стадионнан шыққан жұрттың қатты бір ренжіп жатқаны жоқ. Себебі команданың барын салғанын көріп отырмыз. Демек бұл бізге үлкен тәжірибе болуға тиіс. Бірінші таймда «Қайрат» барын салды. Екінші таймда біздің команданың шамасы жетпеді. Өйткені қарсыластары физика жағынан қандай күшті. Қарқынды арттырған сайын біздің жігіттер отыра береді», – дейді ол.  

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары