Суды тым көп ішіп жүргеніңіздің 5 белгісі

/
Суды тым көп ішіп жүргеніңіздің 5 белгісі
сурет: istockphoto.com

Кәдімгі таза судың өзі денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін, егер оны шамадан тыс көп ішсеңіз. Судың жеткілікті мөлшері – жақсы көңіл-күйдің, әдемі тері мен шаштың, ұзақ әрі белсенді өмірдің кепілі. Алайда судың жетіспеушілігі сияқты, артық мөлшері де қауіпті. Егер төмендегі белгілерді байқасаңыз, ішу мөлшерін азайтқан жөн, деп хабарлайды turkystan.kz.

1. Түнде жиі оянып, дәретханаға баруыңыз

Адам күніне орта есеппен 6–8 рет зәр шығарады. Егер бұл көрсеткіш 10 реттен асып, тіпті түнде де оянуға тура келсе, ағзаға судың шамадан тыс түсіп жатқанын білдіруі мүмкін. Соңғы стақан суды ұйықтардан екі сағат бұрын ішкен дұрыс.

2. Түсініксіз шаршау мен әлсіздік

Шектен тыс су ішу бүйрекке салмақ түсіріп, стресс гормондарының бөлінуіне әкеледі. Ал бұл қысқа уақыттық күш-қуаттан кейін керісінше қатты шаршаумен жалғасады.

3. Басыңыздың жиі ауыруы

Қандағы тұз мөлшері төмендегенде жасушалар ісініп, соның салдарынан бас ауырады. Кей жағдайда тыныс алудың қиындауы мен ми жұмысының бұзылуы да болуы мүмкін.

4. Бұлшықет спазмдары

Артық сұйықтық ағзадағы электролит тепе-теңдігін бұзады. Соның нәтижесінде бұлшықетте жиі құрысу, тартылу пайда болады.

5. Дененің ісінуі

Сұйықтықтың ағзада көп жиналуы ісікке алып келеді. Әсіресе қолда, аяқта және еріннің түсінде өзгеріс байқалады.

Дәрігерлердің айтуынша, суды ішуді толық тоқтатпау керек, тек ағзаға қажетті мөлшерін сақтап, тепе-теңдікті ұстаған жөн.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары