«Дуаланған арақ іштім»: Мұрат Қожа басынан өткен ауыр сынағы туралы айтты

/
«Дуаланған арақ іштім»: Мұрат Қожа басынан өткен ауыр сынағы туралы айтты
скриншот

Танымал «Нұрлан мен Мұрат» тобының солисі Мұрат Қожа басынан өткен ауыр сынағы туралы сыр шертті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі Аман Тасығанға берген сұхбатында бір жыл бойы 2 аяғын баса алмай, қоларбада отырған сәтін еске алды.  

«2020 жылы болған оқиға. Ол – дұшпаныңа да тілемейтін нарсе. Өлім мен өмір арасында арпалысып жаттым. Құдайға «Мені алып кетші, шаршадым. Мен кімге керекпін?! Осылай қиналғанымнан кімге пайда бар?! Қазір өліп қалайыншы» деп жалынған сәттер болды. Мен төсек тартып жатқанда әкем, бауырларым, әйелім  қатты қиналды. Кейін дұғалар қабыл болған шығар. Достарымның қолдауымен аяғымнан тұрып кеттім. Аузыма тамақ салып отыратын жағдай өтті.  Мені емдеген Гүлшат апайым «бір жылда орныңнан тұрып кетесін» деді. Алла қалауымен бір жыл тез өте шықты. 1-2 айдан соң балдаққа тұрып, кейін ақырындап сауығып кеттім», – деді ол.

Сондай-ақ өнер иесі аталған дерт қалай пайда болғанын айтып берді. Әншінің айтуынша, ауыр сынақ дуаланған арақты ішіп қойғаннан кейін басталған.

 «Бұл дерттің нақты диагнозы жоқ. Барлық медициналық аппараттарға жатып, тексерілдім.  Кейін менен «сіз арақ ішесіз бе?» деп сұрады. Арақты жас күнімізде іштік. Бірақ содан ауру тапты деген адамды естімеппін. Соңында ауруды арақтан тапқанымды білдім.

Кейбір ақпараттар сүйенгенде «осы сені арақпен дуалаған» деген нұсқалар айтылды. Естуім бойынша, бір кездері дуаланған арақ ішіп қойыппын. Мені дуалау әйел адамның қолынан келген нәрсе екен. Бір емес, жеті рет дуалапты. «Ақшасы болмасын, өліп қалсын, отбасымен ажырассын, бала-шағасы болмасын, тумаластарынан айырылсын» деп тілеген.

Қарғыстың бәрі орындалды. Тым жақсы жүрген шешем аяқ астынан қайтыс болды. Бір інім өзін қорғаймын деп сотталып кетті. Ағам да біреудің қасында көлік жүргіземін деп сотталып кетті.  Одан кейін мен құладым. Мен екі аяғымды баса алмай қалдым. Ауырып жаттым. Әкемізді әбден қартайтып жібердік. Соңында апайыммен күнделікті сөйлесіп отырып, дуаны шештік. Сондай дүниелер көп болды», – деді әнші.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары