Үйінде жарты келі мефедрон сақтаған астаналық ару қамауға алынды

/
Үйінде жарты келі мефедрон сақтаған астаналық ару қамауға алынды
Сурет: astanazan.kz

Елордада полицейлер 23 жастағы тұрғынды үйінде ірі көлемде есірткі сақтағаны үшін ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Қыз бала өз үйінің кіреберісінде «қоймаға» жасырын есірткі қалдыруға дайындалып жатқан сәтінде ұсталды. Жеке тінту кезінде одан ерекше иісі бар, мефедрон саналатын ақ түсті зат салынған 40 түйіншек табылды. Кейін пәтерін тінту барысында полицейлер тағы жарты келі мефедрон, сондай-ақ шкафтан есірткіні бөліп-орауға арналған электронды таразы мен құрал-жабдықтарды анықтады", - деп жазылған ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті «қойма» рөлін атқарған. Ол есірткі партияларын қабылдап, сақтап, кейін интернет арқылы тарататындарға берген. Бойжеткен уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары