Түркістанда триатлоннан Азия кубогінің кезеңі аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан құрамасы ірі турнирде бір медальға қол жеткізді. Ерлер арасында өткен жарыста Дарын Қонысбаев күміс жүлдегер атанды.
Бірінші орынды ресейлік Денис Колобродов жеңіп алса, оның отандасы Роман Минеев үшінші болып мәре сызығын кесті.
Аян Бейсенбаев төртінші, Егор Крупяков алтыншы, Александр Тен 12-орын, Арлан Жанабай 15-орын, ал Әли Жанат 18-орын алды.
Әйелдер арасында қазақстандық Дана Ержанова медальға бір қадам жетпей қалды.