АҚШ-тың Перрисберг қаласында Венесуэладан келген 24 жастағы мигрант Энтони Эммануэль Лабрадор-Сьерра бір жылдан астам уақыт бойы жасын жасырып, мектеп оқушысы ретінде өмір сүргені үшін тұтқындалды. Бұл туралы ABC 13 News хабарлады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ер адам 2019 жылдың қыркүйегінде Америкаға келген, алайда қарашада оның визасының мерзімі аяқталуы тиіс еді. Елге қайтудың орнына ол жалған құжаттар сатып алып, өзін кәмелетке толмаған жасөспірім ретінде көрсеткен.
Сьерра өзін Венесуэлада адам саудасынан қашып келген панасыз жасөспірім ретінде таныстырып, сот арқылы қамқоршыларға бекітілген. Осыдан кейін ол Перрисбергтегі орта мектепте сабаққа қатысып, спорттық іс-шараларға да араласқан. 14 ай бойы «қос өмір» сүрген Сьерра ешқандай күдік тудырмаған.
Алайда бәрі күтпеген жерден әшкереленді: оның қамқоршыларымен ер адамның баласының анасы байланысқа шыққан. Ол Сьерраның шын жасын және отбасылы екенін айтқан. Қамқоршылар сенбей, оның бөлмесін тінтіп көрген.
Тінту кезінде матрастың астынан ақша, тапанша, оған арналған үш оқжатар, телефон және жалған жүргізуші куәлігі табылды. Құжатта ол 1999 жылы туғаны көрсетілген. Қамқоршылар дереу мектеп пен полицияға хабарлаған.
Қазір Сьерраға 30 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.