Қытайда интернеттегі мұң мен пессимизмге тыйым салынды

/
Қытайда интернеттегі мұң мен пессимизмге тыйым салынды
сурет: istockphoto.com

1 қазаннан бастап Қытайдың Киберкеңістік істері басқармасы (CAC) онлайн-платформаларда мұң, пессимизм және «жұмыстың мәні жоқ» деген сарындағы жазбаларға екі айлық шектеу енгізді. Бұл ереже жеке аккаунттарға да, әлеуметтік желілер мен ірі интернет-компанияларға да қатысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Reuters хабарлағандай, тыйымды бұзған жағдайда платформалардың өздері жауап береді: айыппұл, шектеу және жазбаларды жедел жою міндеті тікелей әкімшіліктің бақылауында.

Сонымен қатар CAC соңғы уақытта ByteDance-тің жаңалықтар сервисі Toutiao мен Alibaba-ның UCWeb браузеріне шара қолданғанын мәлімдеді. Ресми деректерге сай, аталған компаниялар «онлайн-экожүйенің тәртібін бұзатын контентке» жол берген. Бұл үшін жауапты қызметкерлер де қатаң тәртіптік жазаға тартылған.

Мұндай қадам Қытай билігінің интернеттегі эмоциялық көңіл-күйді реттеуге және қоғамға «оң әсер ететін» контентті басым етуге бағытталған соңғы бастамаларының бірі болып отыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары