Қырғыз Республикасында 24 шенеунік жиналыс кезде қамауға алынды

/
Қырғыз Республикасында 24 шенеунік жиналыс кезде қамауға алынды

Қырғыз елінің Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінде өткен жиналыс кезінде 24 шенеунік ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Sputnik Қырғызстан жазуынша, олардың арасында жеті салық қызметкері, алты шекарашы, жеті фитосанитариялық қызметтің маманы және Қырғызстан Көлік министрлігінің салмақ-габариттік бақылау бөлімінің төрт қызметкері бар. Барлығы Чүй облысындағы Қазақстанмен шектес «Чалдовар-Автодорожный» өткізу пунктінде контрабандаға қатысы бар болып шықты.

Арнаулы қызметтің тергеушілері таратқан мәліметке сәйкес, олардың сыбайластарының қатарында Чалдовардың жергілікті кенешінің депутаты мен Өзбекстан азаматы бар. Соңғысы контрабанда үшін өз фирмаларын пайдаланған. ҰҚМК мәліметінше, бұл адамдар үнемі шенеуніктерге заңсыз тауар кіргізуге көз жұма қарауы үшін пара беріп отырған.

Мемлекеттік комитеттің дерегінше, лауазымды тұлғалар ЕАЭО елдерінен тауарларды заңсыз әкелу сызбасын құрған. Ол үшін жалған құжаттар пайдаланылып келген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары