ChatGPT арқылы лотереядан 150 мың доллар ұтқан әйел ақшаны алудан бас тартқан

/
ChatGPT арқылы лотереядан 150 мың доллар ұтқан әйел ақшаны алудан бас тартқан
сурет: istockphoto.com

АҚШ-тың Вирджиния штатының тұрғыны Кэрри Эдвардс лотерея билетіндегі сандарды ChatGPT-ке таңдатып, 150 мың доллар жеңіп алды. Алайда ол ақшадан бас тартқан. Бұл туралы The New York Post жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әйелдің билетіндегі төрт позиция сәйкес келіп, қомақты сома ұтқан. Бірақ ол ақшаны алмайтынын мәлімдеді.

Жасанды интеллектті лотереяда қолдану алғаш рет талқыланып отырған жоқ. 2023 жылы Таиланд тұрғыны осындай тәсілмен 59 доллар ұтқанын айтса, Италияда үш студент өздері жасаған алгоритмнің көмегімен бар-жоғы 350 еуро жұмсап, 50 мың еуродан астам пайда көргенін хабарлаған.

Дегенмен, сарапшылардың айтуынша, ChatGPT немесе басқа нейрожелілер ұтысты алдын ала болжай алмайды. Бұл жағдайда ол тек кездейсоқ сандарды таңдаушы рөлін атқарған. Лотереяда жеңіп шығу ықтималдығы барлық қатысушыға – бірдей.

Мамандар ескертеді: лотерея жүйесі ұйымдастырушының пайдасына құрылған, сондықтан ешбір «ақылды» қосымша немесе жасанды интеллект қатысушының жеңу мүмкіндігін арттырмайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары