Біз ұзақ мерзімді дамуға бағытталған күш-жігерді жалғастырамыз – Мемлекет басшысы

Біз ұзақ мерзімді дамуға бағытталған күш-жігерді жалғастырамыз – Мемлекет басшысы
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 80-ші сессиясының Жалпы ддебатына Қазақстан экономикасының негізгі бағыттарына тоқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қазақстан экономикасы тұрақты дамып келеді. Биыл экономикалық өсім 6 пайыздан асады деп күтілуде. Бұл біздің аймақтағы ең ірі экономиканың орнықтылығын қуаттай түседі. Дегенмен бұл жетістіктерге тоқмейілсуге болмайды. Біз ұзақ мерзімді дамуға бағытталған күш-жігерді жалғастырамыз. Қазақстанның энергетикалық стратегиясы төрт салаға негізделген: мұнай-газ, көмір, уран және аса маңызды минералдар. Бұл құнды ресурстар сенімді энергетикалық серіктестіктің негізі бола алады. Климат өзгерісі мен «жасыл» күн тәртібін көмір кені секілді орасан зор энергетикалық ресурсқа бай елдер қабылдай бермейді. Өйткені бүгінде озық технологияның арқасында оны тазаланған күйінде пайдалануға болады. 

Президент сондықтан  Қазақстан 35 жыл ішінде елімізді декарбонизациялау жөнінде міндеттеме алғанын ортаға салды.

"Тек жаңартылатын энергия көмегімен бүкіл энергетикалық мәселені шешу мүмкін емес.

Ауыл шаруашылығы – әлемдік нарықта зор әлеуетке ие жетекші саламыздың бірі. Қазақстанның астық экспортындағы әлеуеті – 12 миллион тонна. Бұл халықаралық нарықтың басым бөлігін қамтиды және көлік байланыстарын жақсарту есебінен сауданы кеңейтудің жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады.

Біз сыртқы саудамыздың инклюзивтілігі мен орнықтылығын қамтамасыз ете отырып, оны одан әрі әртараптандыру мақсатында барлық негізгі халықаралық серіктестерімізбен және аймақтағы мүдделі елдермен ынтымақтастықты жалғастырамыз», – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары