«Тежегішті басып үлгерді»: Павлодарда автобус жүргізушісі көз жұмды

/
«Тежегішті басып үлгерді»: Павлодарда автобус жүргізушісі көз жұмды
видеодан скриншот

Павлодарда көпір үстінде қоғамдық көлік жүргізушісі қайтыс болды. Рөлде отырғанда оның жағдайы нашарлап кеткен, бірақ ол тежегішті басып, автобусты тоқтатып үлгерген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға орнынан түсірілген бейне әлеуметтік желілерде пайда болды. Кадрларда маршруттық автобус пен полиция көліктері, сондай-ақ асфальтта жатқан адам көрінеді.

Павлодар облыстық полиция департаменті жүргізушінің рөлде келе жатып, өзін жайсыз сезінгенін хабарлады. Оқиға орнына жедел жәрдем дәрігерлері барды.

«Қоңырау 21 қыркүйек күні сағат 14:52-де түсті. Оқиға орнында дәрігерлер 1958 жылы туған ер адамның қайтыс болғанын анықтады. Себептері белгісіз», – деп мәлімдеді Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясында.

Әлеуметтік желілерде қолданушылар қаза болған жүргізушінің соңына дейін өзін-өзі ұстап, автобусты тоқтатуға үлгергенін, осылайша ықтимал апаттың алдын алғанын жазып жатыр.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары