22 қыркүйек күні Ақтауда өткен дөңгелек үстел барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірлік департаментінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов құмар ойынға әуес екі шенеуніктің жұмыстан босатылғанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
“Өкінішке қарай, біздің облыста мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға байланысты жол беруге болмайтын әрекеттер жасаған екі жағдайы тіркелді. Екі мемлекеттік қызметші де теріс себептер бойынша жұмыстан босатылды”, – деді Тоқтамыс Жұмағұлов.
Ол сондай-ақ өңірде лауазымды тұлғалардың есірткі заттарын қолдануына қатысты фактілердің анықталғанын қосты. Осыған байланысты департамент полициямен бірлесіп мемлекеттік қызметшілер арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу жұмыстарын күшейткен.