Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жердің топырағы жеткізілді

/
Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жердің топырағы жеткізілді
коллаж: turkystan.kz

АҚШ-тың астанасы Вашингтонда жерленген қазақ әдебиетінің аса танымал өкілі Мұхтар Мағауиннің қабіріне Қазақстаннан алынған жусан мен туған жердің топырағы жеткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл іс-шара ежелгі ұлттық дәстүр — "топырақ салу" ғұрпына сай жүзеге асырылды.

Марқұмның ұлы Едіге Мағауин ата қоныстан әкелінген топырақты әкесінің бейітінің басына қойып, аманатты орындады. Сонымен қатар, еске алу шарасына Вашингтонда орналасқан Kazakh American Association ұйымының мүшелері де қатысып, құрмет көрсетті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары